Танганьика

 Басқа мағыналар үшін Танганьика (айрық) деген бетті қараңыз.

Танганьика көліндегі балық аулау кемесі

Танганьика (ағылш. Tanganyika) — Орталық Африкадағы ірі көл. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл.

Жер шарының ең терең көлдерінің бірі (Байқал көлімен қатар), сонымен қатар пайда болу уақыты да терең тарихта жатыр. Көлемі мен тереңдігі жағынан Байқал көлінен кейінгі екінші тұщы көл. Көл жағалаулары төрт мемлекетке тиесілі — Конго Демократиялық Республикасы, Танзания, Замбия және Бурунди.

Көл Африканың терең тектоникалық ойпатында, теңіз деңгейінен 773 метр биіктікте орналасқан және қазіргі уақытта Шығыс-Африка рифттік жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Танганьика көлін 1858 жылы ағылшын саяхатшылары Ричард Фрэнсис Бёртон және Джон Спик ашқан болатын.

Сипаттамалары[өңдеу]

Көл ұзындығы — шамамен 650 км, ені — 40–80 км. Ауданы 34 тыс. км². теңіз деңгейінен 773 метр биіктікте жатыр.

Әдебиет[өңдеу]

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Lake Tanganyika
Dieser Artikel basiert auf dem Artikel Танганьика aus der freien Enzyklopädie Wikipedia und steht unter der Doppellizenz GNU-Lizenz für freie Dokumentation und Creative Commons CC-BY-SA 3.0 Unported (Kurzfassung). In der Wikipedia ist eine Liste der Autoren verfügbar.