Әулие Елена аралы

АРАЛ

Әулие Елена аралы (Saіnt Helena Қsland), Атлант мұхитының оңтүстігінде орналасқан. Ұлыбритания иелігіне енеді. Ауданы 122 км². Арал базальтты жыныстардан тұрады. Оңтүстігінде сөнген жанартаулардың кратерлері кездеседі. Жер бедері таулы-ойпатты. Шалғынды, бұталы алқаптар басым. Ең биік жері 818 м (Актеон жанартауы). Арал маңындағы судың тереңд. 2000 м-ге дейін жетеді. Климаты тропиктік. Шілденің орташа температурасы 22ӘС, қаңтарда 26ӘС. Аралдағы ең үлкен қала және негізгі порт — Джеймстаун. Аралды 1502 жылы португалдар ашқан. Жер аударылған Наполеон Қ өмірінің соңғы жылдарын Ә. Е. а-нда өткізген (1815 — 21).[1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том


Dieser Artikel basiert auf dem Artikel Әулие Елена аралы aus der freien Enzyklopädie Wikipedia und steht unter der Doppellizenz GNU-Lizenz für freie Dokumentation und Creative Commons CC-BY-SA 3.0 Unported (Kurzfassung). In der Wikipedia ist eine Liste der Autoren verfügbar.